- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматының екі миллионыншы...
Алматының екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасына пәтер берілді
Мегаполистің екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтердің кілтін тапсырды.
Аяла Жамбыл 2021 жылғы 21 маусымда дүниеге келді және Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша екі миллионыншы тұрғын болды. Мереке күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына Наурызбай ауданындағы "Алма Сити-5" тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырды.
Қала әкімі балалар мен ата-аналарға зор денсаулық, отбасына бақыт пен береке тіледі. Осылайша қала күні алты бала өсіп келе жатқан Жамбыл отбасы үшін қуанышты күнге айналды. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында көпбалалы отбасының жеке баспана туралы арманы орындалды. Енді олар жайлы жаңа үйде тұратын болады.
Екі миллионыншы алматылық Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келді. Ол отбасындағы алтыншы қыз. Бұған дейін көпбалалы отбасы Қарғалы шағынауданында ата-анасының үйінде тұрған.
"Ана ретінде балаларымның туған күндері ең бақытты сәт болса, ал бүгін пәтер кілтін алу ешқашан ұмытылмайтын ең бақытты күн. Біз қаладан мұндай сыйлық аламыз деп күтпеген едік", – деді Әлия Жаныбекова эмоцияларымен бөлісті.
Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері көмекке мұқтаж 2 340 отбасы жеңілдетілген несие аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Т. Раушанұлы