Алматының ауасы сатылмақ!

Алматының ауасы сатылмақ!

Алматы тұрғыны кәдесый (сувенир) ретінде туған қаланың консервіленген ауасын сата бастады. Ауаның бір банкісі - 500 теңге.

Жоба авторы Бек Исмаиловтың сөзіне сенсек, аталған кәдесыйлар алғашында туған өлкеден сыртта жүрген, өз Отанын қатты сағынған достарына арналып жасалған. Іс барысында Исмаилов өнімнің мың данасын шығарыпты (консерві шығаратын зауыт аз көлемде шығарудан бас тартқан). Арнаулы кәдесыйлардың көп бөлігін достарына үлестіріп, ал қалған банкілерді интернет арқылы дүкендерге сатуға бел шешкен. Өз қаржысын ақтамай отырған көрінеді.

Дәл мұндай консервіленген ауалар Санк-Петербург пен Нью-Йоркте бұрыннан сатылып келе жатыр.

Затбелгідегі (этикетка) ақпаратқа көз жүгіртсек, онда банкі ішінде Медеудің (25 пайыз), Шымбұлақтың (25), Көктебенің (20 пайыз) және Арбат бойы мен Республика сарайының, Астана алаңдарының (10 пайыз) ауалары жинақталған. Ауа жинау құпиясы әзірше белгісіз.

Жоба авторының айтуы бойынша, Алматының ауасы толтырылған банкілер сырттың қонақтары мен сыртта жүрген қазақстандықтардың өте-мөте қызығушылығын тудыруы мүмкін. 

Арнаулы банкілердің сатылымы табыс көзін алып келер болса, онда жақын арада Бек мырза кәдесый бизнесіне тәуекел деп бас қойып кетпек. Өз кезегінде Исмаилов барлық өлкенің ауасын жинасам деген ойда екен.

сурет:vk.com/airofalmaty

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига