Тәуелсіздік күніне орай алматылықтардың метроға тегін кіру мүмкіндігі болады.
Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтары мейрам күні метро желісіне тегін кіріп, барар жерлеріне жетуге мүмкіндігі болады. Ал әдетте смарт-картаны пайдаланатын жолаушылар ол күні тегін жетондар алып, метроға кіруіне болады.
Алматыда метро 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылған еді. Қазірде қалада тағы станциялар салынып жатыр. Ашылған күні метроға 11 мың адам жүріп көруге келген еді. Ал 3,5 күнде жолаушылар саны 130 мыңға жеткен еді. Метрополитеннің жұмысына бір жыл толғанда келушілер саны 6 миллионға, ал 2013 жылдың 9 шілдесінде 10 миллион жолаушы жүргендігі анықталды. Расында да, таң қалаларлық көрсеткіш.
Сіз метромен жүріп көрдіңіз бе?
Сурет: fresher.ru