- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматылықтар есте сақтауы...
Алматылықтар есте сақтауы тиіс мекенжайлар
Алматы – Қазақстандағы ең ірі мегаполис әрі еліміздің оңтүстік астанасы саналады. Бір жарым мың миллионнан астам халқы бар қалада көптеген өнер және мәдениет ошағы, ойын-сауық, сауда, демалыс орталықтары жұмыс істейді. Осындай алып қалада кейде өзімізге керекті мекеменің мекенжайын білмей әбігерге түсетініміз бар. Сол себептен, сізге керек болар деген ниетпен ең көп ізделетін мекенжайларды жинақтап, ұсынуды жөн көрдік. Жазбамыз қажетіңізге жарап қалар...
Орталық Жаңа алаң (Тәуелсіздік алаңы) – Желтоқсан және Фурманов даңғылдарының ортасындағы Қ. Сәтбаев көшесінде жатыр. (45, 32, 63 автобустар барады).
Орталық Ескі алаң (Астана алаңы) – Панфилов көшесі мен Абылайхан даңғылының ортасындағы Төле би көшесінде орналасқан. (48, 16, 56 автобустар, 6, 5 троллейбус).
Абай алаңы – Абай даңғылы мен Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. Абай ескерткіші арқылы танисыз. (25, 35, 65, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).
Республика сарайы – Абай даңғылы мен Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).
Студенттер сарайы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аймағынан орын тепкен, әл-Фараби даңғылы, 71. (79, 105, 30, 70, 32, 45, 63, 27 автобустар, 11, 9, 7 троллейбустар).
Оқушылар сарайы – Сәтбаев және Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. (45, 29, 48, 99, 128 автобустар).
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы – Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында тұр. ( 25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79 автобустар, 6,5, 11, 19, 9 троллейбустар). Дәл осы тұтса Орталық стадион да орналасқан.
ҚР Ұлттық кітапханасы – Абай және Абылайхан даңғылының қиылысында орналасқан. ( 25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79 автобустар, 6,5, 11, 19, троллейбустар).
"Кітаптар қалашығы" (қаладағы ең үлкен кітап дүкендерінің бірі) – Розыбакиев, 281 (әл-Фараби көшесінен төмен жатыр). (30, 31, 23 автобустар).
"Гулянда" кітап дүкені – Төле би – Шәріпов (48, 16, 99 автобустар), Сәтбаев – Байзақов (қоғамдық көлік қатынамайды), Шаляпин – Жандосов (Алтынсарин даңғылы) (қоғамдық көлік тура бармайды), Байтұрсынов – Шевченко (9 троллейбус) көшелерінің қиылысында бар.
Мемлекеттік Орталық мұражай – Самал-1 мөлтек ауданында, Сәтбаев – Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан. (63, 45 автобустар).
М. Әуезов мұражай-үйі – Төлебаев, 185, Фурманов – Достық көшелерінің ортасында орналасқан (Абай бекетіне жақын жерде Жетісуға қойылған ескерткіш арқылы табасыз). (25, 35, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).
М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты – Құрманғазы, 29. Достық – Құрманғазы көшесі арқылы баруға болады (79, 105, 29, 48, 65 автобустар, 11, 19 троллейбус). А. Байтұрсынов атындағы тіл институты мен Ғалымдар үйі де дәл осы жерде орналасқан.
ҚР Жазушылар одағы – Абылай хан даңғылы, 105. Төле би көшесімен қиылысады ("Детский мир" дүкенінің сол жағында). (48, 56 автобустар, 6, 5 троллейбус).
"Қазақконцерт" бірлестігі – Абылай хан, 83. Әйтеке би көшесінің бұрышында орналасқан. (48, 56 автобустар, 6, 5 троллейбус).
Алматыдағы Француз үйі – Фурманов, 187 а. Абай даңғылымен қиылысады. (63, 25, 35, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).
Орталық демалыс саябағы (М. Горький атындағы) – Гоголь және Бөрібаев көшелерінің қиылысында (29, 25, 65 автобустар, 11, 19 троллейбус). Алматы қаласының зообағын да осы саябақ арқылы таба аласыздар.
ҚР тұңғыш президентінің саябағы – әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшелерінің қиылысында (63, 27, 32 автобустар барады).
"Family" саябағы – Алтынсарин және Абай даңғылдарының қиылысында (45, 105, 124, 120, 25, 35 автобустар).
Қазақтың мемлекетті М. Әуезов атындағы драма театры – Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 65, 120, 128, 105, 79, 34 автобустар, 6, 5, 11, 19, 9 троллейбустар).
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры – Абылайхан даңғылы мен Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан. (32 автобус, 6,5 троллейбустар).
М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры – Абай және Абылайхан даңғылының қиылысында орналасқан. ( 25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79 автобустар, 6,5, 11, 19, троллейбустар).
Абай атындағы опера және балет театры – Қабанбай батыр, 110. Фурманов көшесінің бұрышында орналасқан. (105, 63, 79 автобустар).
Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филаромниясы – Қалдаяқов және Төле би көшелерінің қиылысында (65, 29, 48, 25 автобустар, 11, 19 троллейбус).
"Глобус" ойын-сауық сауда орталығы – Абай даңғылы мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан (65, 25, 35, 120, 128, 34, 66 автобустар, 5, 6, 19 троллейбус).
"МEGA – 1, 2" ойын-сауық сауда орталығы – Розыбакиев, 247. (әл-Фараби көшесінен төмен жатыр). (31, 30, 23 автобустар).
"ESENTAI MALL" сауда орталығы – әл-Фараби 77/7. Көктем өзенінің бұрышында орналасқан (қоғамдық көлік қатынамайды).
ЦУМ – Абылайхан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан. (6, 5 троллейбус, 32 автобус).
"Silk Way City" сауда үйі – Төле би және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. (30, 34, 48, 16 автобустар, 7 троллейбус).
"Prominade" сән орталығы – Абай даңғылы мен Шәріпов көшелерінің қиылысында, Балуан Шолақ сарайының сол жағында орналасқан. (25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79, 34 автобустар, 6,5, 11, 19, 9 троллейбустар).
"Арман" киноорталығы – Абай даңғылы мен Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 65, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).
Қазақ мемлекеттік циркі – Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 65, 120, 128, 105, 79, 34 автобустар, 6, 5, 11, 19, 9 троллейбустар).
Орталық дәріхана – Фурманов және Гоголь (75, 105 автобустар), Әуезов – Ғабдуллин (7 троллейбус) көшелерінің қиылысында бар.
Ал сіздің қосарыңыз бар ма? Қала тұрғындарына көмектесе отырыңыз...
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: Айгерім Сматуллаева, басты сурет: azbuka.kz