Қазақстандық пранкерлер Алматыда «жоғалған әмиян» әлеуметтік экспериментін өткізді, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
«Бұл әлеуметтік экпериментте адамдардың назарын, яғни тауып алған әмиянды қайтып бере ме, әлде жоқ па соны бақылайтын боламыз», - дейді ұйымдастырушылар.
Эксперимент Алматының адам көп шоғырланған аймақтарында өткізілген. Атап айтқанда сауда орталықтары мен орталық бақтар басты орындар болыпты. Бейнематериалды дайындаушылардың айтқанындай, барлық дерлік жаяу жүргіншілер әмиянды иесіне қайтарып беруге тырысады.
«Расында түсіп қалған әмиянды айналадағы адамдар бірден байқады. Көре тұра өтіп кетпей, айтып немесе алып берген адамдарға алғысымызды білдіреміз», - дейді пранкер.
Осы тектес әлеуметтік эксперименттер Алматыда бұған дейін де ұйымдастырылған болатын. Айта кетсек, көшедегі жүргіншінің жағдайы нашарлаған бойда оны көрген адамдар көмекке асығады. Ал әмиянға қатысты эксперименттер шетелде де сан рет өткізілген.
«Пранк» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «әзіл, айла» деген ұғымды береді. Пранкерлердің мақсаты әр түрлі айла арқылы адамгершілікті таразылау болып табылады.
Сурет: видеодан скриншот
Оқи отырыңыз:
Алматылықтарда адамгершілік бар ма? Әлеуметтік эксперимент!