- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыға алғашқы қар...
Алматыға алғашқы қар түсті
Бүгін кешкісін оңтүстік астанамыз Алматыға алғашқы қар түсті. Қазгидрометтің хабарлауы бойынша, қар солтүстік-батыстан соққан желмен бірге келген. Жергілікті жерде 17-22 м/с жылдамдықтағы салқын жел соғады деп күтілуде.
Бірақ осы айдың ортасына жақын Азор антициклонының әсерінен Алматыға жылы ауа-райы қайта орнамақ. Ауа температурасы солтүстік өңірлерде күндіз +12…+20°С болса, оңтүстік аймақта +20…+30°С-қа жетеді деп күтілуде. Түнде жекелеген аудандарда тұман түсуі мүмкін.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: alatoday.info
Б. Қосмағамбет