- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыдағы орталық мұражайға...
Алматыдағы орталық мұражайға кіру тегін болады
Ақпан айының 16-17 күндері қазақстандықтар Алматыда орналасқан Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайын тегін кіріп, қонақ бола алады. Бұл туралы ҚР Халық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияны биыл 90 жасқа толып отырған ҚР Халық банкі ұйымдастырып отыр. Банк өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтарды "Халық мәдениеті мен өнері" атты ауқымда шара күтіп тұр. Ел азаматтары Орталық мұражайға тегін жолдаманы осы шара аясында алып отыр.
«16-17 ақпан аралығында «Ашық есік күндері» акциясы өтеді. Банктің қаржылай қолдауымен, қазақстандықтар осы күндері мұражайға тегін кіре алады. «Палеонтология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспора мәдениеті», «Қазіргі Қазақстан» залдары бойынша экскурсия жүргізіледі. 16-28 ақпан аралығында аталған іс-шара шеңберінде Орталық мұражай Банкпен бірлесіп «ҚР МОМ қорының кеңес дәуірі мен тәуелсіздік жылдарындағы нумизматикалық коллекциясы» атты көрме ұйымдастырады, көрме материалдарының бір бөлігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дамуының тарихи белестеріне арналады», – делінген таратылған ақпаратта.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан