- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыдағы қыдыратын орындар......
Алматыдағы қыдыратын орындар... (I бөлім)
Қол ұстасып бірге серуен құратын орын іздесеңіз, уайымға салынбаңыз. Біз сіздерге Алматы қаласында орналасқан ең көрнекті саябақтар мен демалыс орындары жайында ақпарат береміз.
Тұңғыш президент саябағы
2010 жылдың шілде айында ғана ашылған саябақ әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан. Алматыдағы ең үлкен субұрқақ осы саябақтың еншісінде. Түрлі түстермен астасып, классикалық музыкамен айналаға сән берген судың сұлулығына куә болғыңыз келсе, сүйікті қалаңыздың ең әсем саябағында еркін тыныстап серуен құрғыңыз келсе, осында ат басын бұрыңыз. Бірінші Президент атындағы саябаққа мына автобустармен жетуге болады: 27, 28, 32, 63, 67, 86, 93, 98, 121, 125, 135, 136.
Горький саябағы
Алматынаң ең көрікті мекендерінің бірі саналатын Горький саябағы Гоголь көшесінде орналасқан. Ол 1928 жылы 12 тамызда құрылған ескі саябақ. Саябақ ішін ғажайып пойызбан аралап шығуға зор мүмкіндігіңіз бар.
Қылқалам шеберлері сырлы бояумен сіздің екінші "сыңарыңызды" жасап шығарады
Байланыс телефоны - +7 (727) 382-30-82
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы
Саябақ Алматы қаласының Медеу ауданында, 18 га жерді алып, Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерінің арасында орналасқан.
Саябақтың шығыс жағында Ықылас атындағы Халықтық аспаптар көрмесі, Офицерлер үйі, Жауынгерлер – интернационалистер ескерткіші, және Даңқ мемориалы мен Мәңгі алау орналасқан. Түс кезінде саябақ ішінде адам қолынан тамақтанып жатқан тиіндерді көруге болады.
Салқын кезде құстар сіздердің қолдарыңыздан шемішке шоқып жейді. Оның үстіне көгершіндер еш қорықпай сіздердің иықтарыңызға отырып, қолдарыңыздан тағам алады. Сонымен қатар саябақта аттарға, пони және арбаға мініп айналаны бір аралап шығуға да мүмкіндіктеріңіз жоқ емес. Көктөбе Көктөбе көп төбенің бірі емес, ол Алматының ең қадірлі жерлерінің бірі. Мұнда көбіне өздеріңіздей жастар көп жиналады. Сырттан, әсіресе, шетелден келген қонақтар Көктөбеге соқпай кетпейді. Көктөбе - Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады. Байланыс телефондары - 320-12-01, 320-13-16 Көктөбеге тартулы арқан арқылы әуеде қалықтап жеткіңіз келсе, Достық даңғылында ("Арман" кинотеатрының жанында) орналасқан нысанға келіңіз. Жұмыс жасау уақыты - 11.00 - 24.00. Бағасы - 1000 теңге. Микроавтобуспен 300 теңге төлеп шыға аласыз. Ал 500 теңге берсеңіз, қайтарда да жаяу түспейсіз. 7 жасқа толмаған балалар үшін кіру ақысы тегін. Ал егер жаяу түсіп-шықпақ болсаңыз, 100 теңге төлейсіз. Мұнда «Fast Coaster» аттракционы, алма белгісімен сәнделген "Тілектер" су бұрқағы және "Юрта" мейрамханасы бар.
Көктөбеде Алматыны алақаныңызға салып, серуен құрғыңыз келсе, әсіресе түн кезінде келіңіздер. Өйткені түнгі қала көрінісі сіз күткеннен де әдемі. Жалғасы бар Дайындаған: Ақерке Әбілхан суреттер саябақтардың жеке сайттарынан алынды
|