- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыдағы қоғамдық орындарға...
Алматыдағы қоғамдық орындарға ұрылардың суреттері жапсырылмақ
Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерге полиция қызметкерлері қалта ұрыларының суреттерін жапсыратын болады, деп хабарлайды қалалық ІІД-ң ақпарат-қызметі.
Ең алғашқы суреттер Алмалы ауданында қатынайтын автобус, трамвай және троллейбустарға жапсырылады. Өйткені дәл осы ауданда қалтаға қол салу қылмысы күннен-күнге өршуде. Тек қоғамдық көліктерде ғана емес, осы ауданның білім ордалары мен оқу орындары осы қылмыс түрінен көп жапа шегіп отыр.
"60 х 40 өлшемдегі ақпарат плакатта пәтерге басып кіріп, ұрлық жасаған қылмыскерлер мен қоғамдық орындарда қалтаға қол салатын арам қолдылардың суреттері мен солар жайлы ақпарат жарияланатын болады. Бұл бастаманың пайдасы жоқ емес. Қоғамдық орындарда осы ақпаратқа көзі түскен жанның өзі де сақтықта жүретін болады. Әзірге біз мұндай насихат парағының 500 көшірмесін ғана шығарып отырмыз. Олар тек қоғамдық көліктерге ғана емес, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына да жапсырылатын болады", -деп мәлімдеді Алмалы аудандық ІІД-ң бастығы Талғат Сейілханов.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: diapazon.kz
А. Әбілхан