Алматыдағы жүгіруге арналған орындар

Күннің жылуымен көшеге шығып, таза ауамен тыныстағанды ұнатамыз. Осы уақытта жүгіру арқылы көңіл күйді көтеріп, артық салмақ пен ұйқысыздықпен күресуге болады.

Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты жақсарту. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіруге кеңес береміз. Иммунитеттіңізді көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартасыз. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді.

Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не айран ішіп, алма немесе банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал.

Егер Алматы қаласында тұрсаңыз жүгіруге арналған орындардың тізімін назарыңызға ұсынамыз:

Тұңғыш Президенті саябағы

Мекен-жайы: Дулати мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысы

Кіру: тегін

Ганди атындағы саябақ

Мекен-жайы: Жамбыл, Жароков, Шевченко көшелері және Гагарин даңғылы

Кіру: тегін.

Ботаникалық бақ

Мекен-жайы: Тимирязев көшесі 36

Кіру: үлкен кісілерге - 300 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге - 200 тг, мектеп оқушыларына - 100 теңге

«Атакент» аумағындағы саябақ

Мекен-жайы: «Атакент-Экспо» ХКК,  Тимирязев көшесі 42

Кіру: тегін

Сайран жасанды көлінің жағасы

Мекен-жайы: Сайран жасанды көлі

Кіру: тегін

Тереңқұр

Мекен-жайы: Достық даңғылы 104, «Арман» кинотеатрының артында орналасқан

Кіру: тегін

Орталық стадион

Мекен-жайы: Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі

Кіру: тегін

Спорт кешен

Мекен-жайы: Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысы

Кіру: 500 теңге

Медеуге дейінгі жол

Мекен-жайы: Керей-Жәнібек хандар көшесі 465

Кіру: тегін

Орталық мәдениет және демалыс саябағы

Мекен-жайы: Гоголь көшесі 1

Кіру: тегін

Баум тоғайы

Мекен-жайы: Сүйінбай даңғылымен Рысқұлов көшесінен сәл төмен

Кіру: тегін