- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыдағы хайуанаттар бағында...
Алматыдағы хайуанаттар бағында жапон макакасы дүниеге келді
Алматыдағы хайуанаттар бағында жапон макакасы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бір ай бұрын туылған ол қазір карантин аймағында және оны әзірше көрсетуге болмайды. Макакаға әлі ат қойылмады. Хайуанаттар бағының директорының міндетін атқарушы Динара Құрманбаеваның айтуынша, макака сау болып туылды. "Алматы хайуанттар бағында біз маймылдар, соның ішінде шимпанзелердің төлін аламыз. Өткен жылы біздің қызметкерлер Мәскеуге шақыртылып, олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп қайтты", - деді ол.
Айта кетейік, 2015 жылдың қаңтарында Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді. Оларды Бимка және Умка деп атады. Көктем шыға салысымен қонжықтар көпшілік назарына ұсынылды. Айта кетейік, Қызыл кітапқа енген қонжықтар Алматы хайуанаттар бағында 36 жылдан бері енді туылып отыр. Кішкентай қонжықтардың ата-анасы Алматыға 2012 жылы әкелінген Герда және Құрманбек есімді аюлар.
сурет: tengrinews.kz
Н. Айдархан