Алматыдағы алма фестивалі

Алманың дәмі қандай кермек әрі керемет болса, тұрғындары да сондай тамаша ару қала Алматымыздың күні де таяп қалды. Күллі әлемге алманың атасы деген атпен танылған сүйікті қаламыздың қуанышты күнінде түрлі іс-шаралар өткізілу жоспарланып отыр. Оның бірі – алма фестивалі.

Аталған фестиваль қала күні қарсаңында, яғни қыркүйектің он алтыншы жұлдызында өткізіледі. Мәдениет басқармасының ақпаратына қарағанда, бұл жолғы фестивальдің ерекшелігі жәрмеңкеде тек Іле Алатауы бойында өскен алмалар ғана көпшілікке ұсынылатын көрінеді.

Фестиваль барысында дәстүр бойынша тағы да Алматының "ең үлкен алмасын" анықтайтын боламыз. Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат фермерлерді бір ортаға жинау ғана емес, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуларына жол ашу.

                                              2010 жылы өткізілген "алма фестивалі"

Алма фестивалі бұрын-соңды ескі алаңда өткізіліп жүрген болса, биылғы жылы жаңа алаңда ұйымдастырылатын болады. Жыл өткен сайын сайысқа қатысатын фермерлердің саны да артып келеді. Сондықтан көпшілікке ұсынылатын алманың да түрлері көбейе түсуде.

Мерекеде тек алманың ең үздік сорттарын таңдап қана қоймай, қазақ өнер жұлдыздарының әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін тыңдау мүмкіндігіне ие бола аласыздар.

Алматының алмасын армансыз жегіңіз келсе, «Алма фестивалін» қалт жібермеңіз!

Суреттер:wegens.ru,oopt.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева