Алматыда тегін сырғанақ пайда болды

Алматыда тегін сырғанақ пайда болды

Қарапайым алматылық отбасы ауласында ауданы 20x30 метр болатын мұз айдынын жасап алды.

"Менің қызым 1 жаста. Ал ұлым 5-те. Ол хоккей ойнағанды қатты ұнатады. Ұлымызды "Медеуге" күнде апарып тұруымыз үшін күніне 1800 теңге жұмсауысыз керек. Ал цирктің жанындағы сырғанаққа аптасына 6000 теңге кетеді. Ал Шымбұлаққа бару бұдан да қымбатқа түседі", - деп әңгімелеп берді Анна Шелепова.

Осы себепті баланың әкесі ұлына өзі сырғанақ құйып беруді шешеді. Қазірде Абай және Гагарин көшелерінің қиылысындағы мұз айдынына қаланың түкпір-түкпірінен жиылған балалар келіп, уақыт өткізіп жүр.

Мұз айдынын құю үшін әке шланга мен күрек сатып алып іске кіріседі. Кейінірек, оның бұл ойынан хабардар болған көршілер де көмекке келеді. Ал орталық стадионның директоры Олег Печеник бұл игі іс үшін тұрғындарға тегін трактор ұсынған.

"Басында бізге ешкім сенген жоқ. Бәрі бізді автотұрақ жасап жатыр деп ойлады. Бұның сырғанақ екендігін айтқанымызда, жұрт оны ақылы болады деп ойлады. Ал қазір ауланың барлық тұрғындары қоян қолтық араласып, достасып кетті", - деді Анна Шелепова.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: altaynews.kz