Алматыда Райымбек батыр ескерткіші ашылды

Алматыда Райымбек батыр ескерткіші ашылды
Бүгін, яғни 7 қараша күні Алматыда Райымбек батырдың 12 метрлік ескерткіші ашылды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Ескерткіш Райымбек көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан. Мүсін толығымен қоладан құйылған. Туындының авторы - Едіге Рахмадиев, дизайн авторы – Игорь Поляков, сәулетші – Владимир Немчиков. 
ва
ва
ва
ва
ва
ыв

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов келіп сөз сөйледі. 

«Бүгін біз жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының бүтіндігі үшін шайқасқан тарихи тұлға – Райымбек батырдың ескерткішін салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл оқиғаны көптен күттік. Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қазақ тарихының мәдени мұралары түгенделіп, жүйеленіп отыр. Ұлтымыздың тарихында мәні өте зор ескерткіштер, сәулет өнерінің керемет туындылары қайтадан жаңғыртылып отыр», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов. 
 
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: bnews.kz
Massaget