Алматыда нөсер жаңбыр жауады

Алматыда нөсер жаңбыр жауады
Фото: Егемен Қазақстан

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 16 наурызда Алматы облысында нөсер жауын-шашын болатынын айтты.

Осыған байланысты мамандар ескерту жасайды. "Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері "Қазгидромет" мамандары 2018 жылдың 13 наурызында жариялаған ескертуі негізінде 16 наурызда Алматы облысына қарасты аудандар мен Алматы қаласында қатты жауын-шашын жауып, мұздардың еру қаупі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкіндігі және таулы аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді",– деп хабарлады.

Еске сала кетейік, осыған дейін синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын жауып, күн суытатынын айтқан еді.

tengrinews.kz

Н. Үсенова