Алматыда «Медиаконгресс Kazakhstan OnLike-2013» өз ісін бастады

Алматы қаласында журналистика мен жаңа медиа саласында бірегей жобаларды тудыратын «Медиаконгресс Kazakhstan OnLike-2013» өз ісін бастады. Оның негізінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, елімізге елеулі пайдасы тиетін техникалық заманауи жобалардың жүзеге асыру мәселелері қаралады. Қаралатын басты тақырыптар – «Жаңа медиа және саяси байланыс», «Экономика саласындағы жаңа медиа байланысы», «Қағаздан сандарға көшу атты эволюциялық масс-медиа», «БАҚ-қа арналған бизнестің жаңа модельдері».

Бүгін өтіп жатқан шараға қазақстандық БАҚ-тың бас редакторлары, сандық БАҚ-тың бас мамандары, әйгілі сарапшылар, блогшылар, саясаттанушылар мен әлеуметтік медиа платформалардың иегерлері қатыса алады.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Журналистер Одағы және «Қазақстан Интернет қауымдастығы». Шараға еліміздің мәдениет пен ақпарат министрлігі және елбасы басқарған орталық байланыс қызметтері қолдау көрсетіп отыр. Шара Beeline телекоммуникациялық операторы, SCAT әуе компаниясы және Rixos қонақ үйінің де қолдауына ие. 


Шара спикерлері:

Ашот Габрелянов (News Media); Александр Амзин (Lenta.ru); Валерия Тищенко (Snob.ru); Алексей Аметов (Look At Media); Иван Давыдов (Slon.ru); Батыр Қазыбаев («Алаш Медиа Групп»); Асқар Туғанбаев (медиапродюсер); Рауан Кенжеханұлы (CEO Bilim Media Group); Санжар Кеттебеков (Segment Interactive); Александр Комаров (Beeline).

Таңертең сағат 9.00-де басталған медиаконгресс 17.00-ге дейін созылады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Суреттер Әсет Нұрпейісовтың фэйсбуктағы, Шавхат Сабировтың туиттердегі парақшаларынан алынды