Алматы қаласының Мәдениет басқармасы өнер және мәдениет саласындағы жобалар конкурсын өткізіп жатыр.
Қатысушылар 2013 жылы жүзеге асуы тиіс деп есептейтін идеяларын қазылар алқасына ұсына алады. "Қала тұрғындарын Алматының мәдени өміріне араласуға итермелейтін, балалар шығармашылығын дамытуға сеп болатын, жеке және мемлекеттік мәдени ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты дамыту арқылы заманауи қазақстандық мәдениетті өркендетуге себеп болатын жобалар назардан тыс қалмайды", - делінген таратылған ақпаратта.
Жобаларыңызды мына бағыттар бойынша дайындауларыңызға болады: балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру, шығармашылыққа баулу, мұражай ісі; кітапханалық және әдебиет. Сонымен қатар, театрға, музыкаға, би өнеріне, дизайн, сурет салу, кинематография өнерлеріне қатысты жобалар қабылданады.
Жоба жеңімпаздарына ақшалай сыйлықпен қатар, идеясын жүзеге асыру үшін әкімшілік көмек көрсетіледі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kursiv.kz