Кіші Алматы шатқалында кеше, яғни, 3 мамыр күні 8-қалалық "Жас құтқарушы" спорттық сайысының слеті өтті, деп хабарлайды Today.kz.
"Жас құтқарушы" сайысы тұрғындарды төтенше жағдайлардың себебінен келетін қауіптен қорғау мемлекеттік саясатының аясында өткізіліп жатыр", - деді "Алматы қаласының құтқару қызметі" коммуналдық мекемесінің өкілі.
Осылайша қаланың 8-10 сынып оқушылары физикалық, психологиялық, медииналық тұрғыдағы дайындықтарын көрсетіп сайысты.
Ұйымдастырушылардың шараның қаупсіздігін сақтауға күш салып, техника мен арнайы құрылғыларды да дайындағанын қоса кетелік. Сонымен қатар, кез келген ниет білдрген жан құтқару құралдарымен танысуға мүмкіндік алды. Конкурс соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетелік, резерв дайындау мақсатында алматылық құтқарушылар "Жас құтқарушы" клубының аясында сабақтар өткізіп желе жатыр. Клуб мүшесі болғысы келген әрбір азамат сабақтарға тегін келіп қатыса алады. Ол үшін мына мекенжайға хабарлассаңыз жеткілікті: Бұқар жырау көшесі мен Есентай өзенінің (Весновка) қиылысы, №51 орта мектеп. Байланыс телефоны: +7(727)271 77 46; +7 777 3286163.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: today.kz