Алматыда қоқыс сұрыптайтын зауыт салынады

Алматыда қоқыс сұрыптайтын зауыт салынады
Фото: google.kz

Алматыда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қоқыс сұрыптайтын зауыт салынады. Бүгін «Тәртіп» АҚ басқарма төрағасы Айбек Рахымов жаңа зауыттың жобасын қала әкімі Бауыржан Байбекке таныстырды.

Аумағы 7,2 гектар жерді алатын зауыт Алматы қаласының Алатау ауданында «Жылу электр стансасы-2» мемлекеттік кәсіпорнының төменгі жағында бой көтеретін болады.

Оны салуға 4,5 млрд. теңге бөлінген.

null

«Зауытты 2017 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланған. Онда жылына 750 тонна қоқыс өңделетін болады. Қоқыстар алдымен зауыттың бір бөлігіне жеткізіледі. Кейін олар сұрыпталады: шыны, металл, пластик және басқа да заттар бөлек жиналады. Барлығы 14 түрлі қалдық сұрыпталады. Бұдан әрі қалдықтар өңделіп, қайталама шикізат болып, нығыздалады. Мысалы, түсті металдарды қайтадан пайдалануға болады. Екінші қайтара қолдануға жарамсыз заттар нығыздалып, полигонға көмілуге жөнелтіледі», - деді А. Рахымов.

Айта кеткен жөн, зауыттың барлық жабдықтары еуропалық өндірушілерден сатып алынған.


null

«Жаңа зауыт бұған дейін Алматы мен Астанада салынған осы тектес зауыттардан қоқыстарды өңдеудің толық кезеңін қамтитындығымен ерекшеленетін болады. Бұған дейінгі зауыттар қоқыстарды жинау, жөнелту, көмумен айналыспайтын. Ал бұл зауыттың өз полигоны бар. Қоқыстарды жинау және жөнелтумен де өзі айналысады. Құрылысқа белгіленген жерді қала әкімдігі берген жоқ. Оны зауытты салушылар өз қаржыларына жеке адамдардан сатып алған. Ертең біз зауыт иелеріне белгіленген жер бойынша мемлекеттік акт береміз. Жалпы, қалада қоқыстарды бөлектеп жинау мәселесі талай рет көтерілген. Негізі, мынадай зауытты салмай жатып, қоқыстарды бөлектеп жинаудан түк пайда жоқ. Өйткені, жинау, тасу барысында қоқыстар бәрібір араласып кетеді.  

Сондықтан алдымен тиісті инфрақұрылымды жасап алуымыз керек», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

null 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы