- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыда қайырымдылық марафоны...
Алматыда қайырымдылық марафоны өтеді
2013 жылдың 28 сәуірі күні сағат 8.00-де Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің саябағында «Бірінші болу батылдық» атты қайырымдылық марафоны өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Аталған спорттық шараға шамамен 5 000 адамдай қатысатын болады. Марафонға жасы 10-ға толған Алматының барлық тұрғындары қатыса алады.
Марафонның бағыты: Әл- Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы (ШАЖ), Абай даңғылы", - делінген таратылған ақпаратта.
Марафонға қатысуға ниет білдергендер онлайн түрде www.almaty-marathon.kz сайтында тіркеле алады.
Марафон жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен қатар Нидерланды, Амстердам қалаларында өтетін халықаралық марафонға бару мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «WorldClassAlmaty» фитнес клубы.
Қосымша мәлімет алу үшін жобаның менеджері Зауре Жұмабековаға хабарласуы қажет (моб.:+7-701-952-6898, e-mail: zaure.z@wclass.kz)
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: timeout.kz
Massaget