- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыда жарнама алпауыттары...
Алматыда жарнама алпауыттары мен қазақ тілді БАҚ өкілдерінің кездесуі өтті
Кеше, яғни 30 сәуір күні ең ірі жарнама беруші 3 компания: «GSM Казахстан/Kcell», «Эйр Астана», kaspi bank-тің БАҚ пен жарнамаға жауапты мамандарымен кездесу өтті. Кездесуде «Қазақ тілді БАҚ-қа не үшін жарнама аз беріледі? Жарнама тартудың жолы қандай?» деген мәселелер төңірегінде аталған компанияның арнайы өкілдеріне сұрақтар қойылып, компаниялар қандай жағдайда БАҚ-қа қаржы салуға дайын және қазақ тілді БАҚ-тың аудиториясы мен қазақ тілді интернет басылымдардың жарнама ала алмауындағы басты себептер сөз болды.
Аталған шараның басты мақсаты қазақ тілді БАҚ-қа жарнама тартуға ықпал жасау болып табылады.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Суреттерді түсірген және видеоны әзірлеген М.Әуелханұлы
M. Auelkhan