Алматыда "Білім мен мансап" көрмесі өтіп жатыр

Алматыда "Білім мен мансап" көрмесі өтіп жатыр

Алматыда 11-13 сәуір күні "Атакент" көрме орталығында "Білім мен мансап" 14-ші Қазақстандағы Халықаралық көрмесі өтеді.

Бұл жылы шарада әлемнің 20 елінен келген 120 оқу орнының өкілдері болады: Қазақстан, Венгрия, Германия, Египет, Израиль, Канада, Кипр, Қырғызстан, Латвия, Литва, Малайзия, АҚШ, Түркия, Польша, Беларусь, Ресей, Украина, Франция, Швейцария.

Үш күн бойы Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы колледж, лицей, мектеп оқушылары үшін тегін сынақ тестілеу өткізеді.

Сонымен қатар, Литваның Білім министрлігі "Литвадағы жоғарғы білім" тақырыбында 1,5 сағаттық семинар өткізеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.tg-arc.com

Massaget