- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыда 30 қазан...
Алматыда 30 қазан күні тағы бір жолайрық іске қосылады
Алматыдағы Сайын - Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрық 30 қазан күні ашылмақ. Бұл жөнінде қала автомобиль жолдары Басқармасы хабарлап отыр.
Осылайша Алматы қаласындағы негізгі жол магистраліне апарар басты жолайрық халық игілігіне берілмек. Бұған дейін қала әкімі Ахметжан Есімов көлік легінің көптігіне байланысты жолайрық құрылысын уақытында қолданысқа беруге тапсырма жүктеген еді.
Бұдан бөлек, қалада бес бірдей жолайрық құрылысы үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Олар: Әл-Фараби даңғылы - Розыбакиев көшесі, Әл-Фараби даңғылы - Дулати көшесі, Сайын көшесі - Жұбанов көшесі, Райымбек батыр даңғылы - Момышұлы көшесі, Халиуллин көшесі - Құлжа трактісіндегі жолайрықтар. Барлық жолайрықтағы құрылыстар 2013 жылы толығымен аяқталатын болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: idrive.kz
Б. Қосмағамбет