Алматыда "Үздік қара шашты ару" байқауы өтті.
Алина Балтабаева
Байқаудың 21 жасар жеңімпазы Балтабаева Қырғыз Ұлттық Университетінің заң факультетін бітірген. 2011 жылы "Мен сені сүйемін, Бішкек" кинофильміне түскен. 2008 жылы New Face байқауында да жеңіске жеткен Алина бүгіндері Алматы қаласында тұрады. Сонымен қатар, осында жұмыс жасайды.
Ал байқаудың вице-аруы атағы алматылық Яна Макароваға бұйырды. Екінші вице-ару атағын Айдана Ташенова иеленді.
Айдана Ташенова
Ең сұлу қара шашты аруды анықтау барасында ұйымдастырылған байқауда 12 қатысушы бақ сынасты. Байқаудың әр қатысушысы демеушілер мен байқаудың серіктестерінен бағалы сыйлықтар алды. Соның ішінде фотосессияға жолдама мен шоппингті ерекше айта кету керек.
Ұйымдастырушылар мұндай шараны жыл сайын өткізіп тұрады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: Tengrinews.kz