- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматы тұрғындары үшін:...
Алматы тұрғындары үшін: Демалысты қайда және қалай өткіземін?
Күз маусымының алғашқы демалыс күндерінде Алматы қаласында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылғалы отыр. Сіз әлі жылы күндерді сағынатын боласыз, сондықтан алдағы демалысты ұйқымен өткізгенше, қаламыздағы әртүрлі көрмелер мен фестивальдарға, ойын-сауық шараларына, салтанатты кештерге бас сұғып көріңіз дегіміз келеді.
ArtBatFest заманауи өнер фестивалі
Төртінші халықаралық заманауи өнер фестивалі осы демалыста шымылдығын ашады. Биылғы жылдың тақырыбы: "Алматы – суретшінің арманы". Дәстүрлі фестиваль алматылық Арбаттан басталады. Онда көрермендерді перфоманстар, заманауи билер, театралды қойылымдар күтіп тұр. Қала қонақтары мен тұрғындары Франция, Италия, Германия, Швеция, Ресей сынды ондаған шетелдік және қазақстандық суретшілердің 30-дан астам туындыларымен танысады.
Күні: 7 қыркүйек
Басталуы: 18:00
Алматыдағы жаңа ойын-сауық орталығы
Алматыда "Кітапхана" атты жаңа мекеме (мейрамхана-караоке) ашылады. Кеш қонақтары: E-Type және Sandra.
Гоголь көшесі, тел: 279-80-79
Күні: 7 қыркүйек
Басталуы: 22:00
Полимерлік саз балшық бойынша мастер-класс
L.E.S. кеңістігі баршаңызды полимерлік саз балшықпен жұмыс бойынша мастер-класқа шақырады. Сіздер термопластикамен жұмыстың негізгі әдістерімен, құралдарымен, материалдарымен танысасыздар. Дайын бұйымды мүсіндеудің және қыздырудың ерекшеліктерін, қауіпсіздік шараларын білесіздер. Қатысу бағасы – 5000 теңге.
Күні: 7 қыркүйек
Басталуы: 10:00
"Алматы – іңкәрім менің!"
"Алматы – іңкәрім менің!" музыкалық ретро-фестивалі өз қонақтары мен көрермендерін қарсы алуға дайын. Дәстүр бойынша, кеш бағдарламасында бірінші дәрежелі әуендер, сүйікті орындаушылар, ертегідегідей отшашу мен тосын сыйлар бар. "Алматы – іңкәрім менің!" дәстүрлі фестивалін 4 мыңнан астам адам тамашалай алады. Бұл жылы қазақ әндерін отандық әншілер ғана емес, шетелден шақырылған жұлдыздар да орындайды.
Күні: 7 қыркүйек, Халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені
Басталуы: 18:00
Фортепиано кеші
Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімханов. Кеште Д. Скарлатти, Й. Гайдн, Ф. Шуберт, А. Скрябинды тыңдау мүмкіндіктеріңіз бар.
Күні: 7 қыркүйек, Жамбыл атындағы қазақ филармониясы
Басталуы: 18:30
"Еуропаны алып қашу" көрмесі
Алматыдағы "Ұмай" өнер мұражайында "Еуропаны алып қашу" атты көрме өтеді.
Тарихтың, Еуропаның иісі мүңкитін туындыларды көргіңіз келсе, "Ұмай" мұражайына бас сұғыңыз.
Күні: 7-21 қыркүйек
Жақсы демалыңыздар!
Суреттер: season.kz
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева