Алматы - Тәуелсіздік мерекесіне дайындық үстінде

Алматы - Тәуелсіздік мерекесіне дайындық үстінде

Тәуелсіздіктің алтын бесігі - Алматы. Бүгін назарларыңызға Алматы қаласындағы Тәуелсіздік мерекесінің ұлықталуына арналған түрлі билбордтар мен әлеуметтік құттықтау шараларының өтетін орындары жайлы фоторепортаж ұсынамыз.

Алматыда мамыражай күн райы Көк туымыз ілінген құттықтауларды желбірете түсуде.

Тәуелсіздік монументі.

16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ.

Тәуелсіздіктің тамыры сонау арғы заманда, шашақты найза ұстап, қайқы қылышын сермеп, қазанатын ойнатған батыр бабаларымыздан бастау алады.

Биліктің түп-төркіні халықтың өзінде.

Студенттер көзайымына айналған сарай да жастарға отаншылдықты нәсихаттап тұр.

Кішкентай бұрышта тұрса да, көңілге медеу.

Ұлтын сүйген, елінің намысы жолында қыршын кеткен жастарға үлкен құрметіміз бар екенін, асқақ мақтанышымыз екенін айтқымыз келеді.

Қала халқының назарына ұсынылған билбордтардың бірі.

Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі.

Суреттерді түсірген: Мейіржан Әуелханұлы

M. Auelkhan