- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматы облысында тағы...
Алматы облысында тағы 3 сілкініс сезілді
Алматы облысында тағы да 3 жер сілкінісі орын алды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Білім және ғылым министрілігінің Ғылым комитеті жанындағы Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Орталықтың ақпараты бойынша, Астана уақытымен 23.09-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 225 км қашықтықта 4,5 балдық, 23.12-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 232 км қашықтықта 4,7 балл, 23.31-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 225 км қашықтықта 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Осылайша Кеген және Нарынқол елді мекендерінде жер сілкінісінің магнитудасы 2-3 балл болып сезілген. Апаттар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін 28 қаңтар күні Астана уақытымен 22.38-де Алматы қаласынан шығысқа қарай 227 км қашықтықта 10 километр тереңдікте 6,3 балдық жер сілкінісі орын алғандығын айтып едік. Алматыдағы сілкіністің магнитудасы 4-5 балл болды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Массагет мұрағатынан