- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматы облысында желтоқсанның...
Алматы облысында желтоқсанның 17-сі мен 21-і аралығында қатты аяз болады
Алматы облысында 17-сі мен 21-ші желтоқсан аралығында қатты аяз болады, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөзіне сілтеме жасаған Tenginews тілшісі.
17-сі мен 21-ші желтоқсан аралығында Алматы облысында қатты аяз болып, түнде ауа температурасы -13-(-18) градусқа жетеді. Кейбір аудандарда 22-27 градус аяз болады. Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, облыстың солтүстік өңірлерінде түнде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді.
Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы ТЖД баспасөзінде: "Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауын сұраймыз" делінген.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: planeta.moy.su
Б. Қосмағамбет