Алматыдағы метроның жаңа екі станциясы - "Сайран" мен "Мәскеу" 2015 жылдың көктемінде ашылуы мүмкін. Қазіргі уақытта олардың орнында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеуніктер жаңа станциялардың 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылатынына уәде берген болатын. Бірақ ауа райына байланысты станцияның дайын болу уақытының созылып жатқаны анықталды. "Мәскеу" және "Сайран" станцияларының соңғы жұмыстары аяқталды, - дейді Алматы метрополитенінің директоры Айдын Оразханов. - Біз жұмысты, яғни ағаш егуді, асфальттауды қысқы уақытта жасай алмаймыз. Мұны ауа райы қалыпқа түскен уақытта - көктем кезеңінде жасау керек. Бұл жұмыстары аяқтағанда адамдар наурыз немесе сәуір айларында жүре бастайды", - деді ол. Оразханов мемлекеттік қабылдауға бұл жұмыстардың жасалып бітпейінше қол қойылмайтынын атап өтті.
Ол ашылатын станциялардың келбетін сипаттап берді. "Айта кетейік, "Мәскеу" станциясы Ресей астанасы тақырыбында безендіріледі, онда Кремль қабырғасы болады (...). Бұл үшін сәулетшілер тартылды, барлығы құрылысқа мәскеулік жобалаушылар қатысты (...) Ал "Сайран" шаттық деген сөзді білдіргендіктен, жастардың стилінде болады. Ал құрылыс жоспарланған орнына келсек, ол Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында болады, қазандық қазылып қойды. Сонымен қатар, "Сарыарқа" станциясының құрылысы басталды".
Оразханов жерді сатып алу және үйлерді құлату процесі Алматыдағы жаңа метроның дайын болу мерзіміне әсер еткенін айтты. "Қазірдің өзінде бізден "Достық" және "Сарыарқа" станциялары қашан пайдалануға берілетінін сұрап жатыр, себебі жерді сатып алу - күрделі процесс. Тұрғындар ұсынылған сомаға әрдайым келісе бермейді, сондықтан келіссөздер созылады (...). Тіпті сотқа дейін барған жағдайлар болды".
Алматы метросының директоры бастапқы жобада металіздегіш орнату қарастырылмағанын атап өтті. "Тексеру болмады, ол да қарастырылмады. Бірақ біз Минскідегі, Мәскеудегі метрополитенде лаңкестіктердің болғанын көрдік. Біз олардан асып түсуді ұйғардық, мұны алдын ала ескертетін боламыз. Бұл қауіпсіздік шарасы ғой, меніңше, ол ешкімге бөгет болмайды", - деді спикер. Еске сала кетейік, Алматы метросының "Сайран" және "Мәскеу" станциялары 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылуы тиіс болған, бірақ кейін іске қосу уақыты шегерілді.
сурет: Роза Есенқұлова