30, 31 наурыз күндері Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы ықтимал, – деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Бұл туралы inform.kz жазды.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын қала маңындағы тау бөктерлеріне барудан бас тарта тұруға шақырады.
«Қар басқан тау баурайларына барудан бас тарта тұрған абзал. Өйткені, жауан-шашынның көп болуынан қар жамылғысы өте тұрақсыз. Сондықтан, тауда сақ болыңыздар!», - делінген хабарламада.
сурет: khabar.kz