Алматы маңындағы демалатын орындар

Алматы маңындағы демалатын орындар
Фото: tr-kazakhstan.kz

Алматыда көз тартарлық табиғи орындар жеткілікті. Осы орайда, назарларыңызға Алматының ең көрікті 5 жерін ұсынамыз.

БАСЫ

Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі – Іле Алатауының көрікті көлдерінің бірі. Ол, әсіресе, таң сәріде су бетіне аспан мен оны қоршаған орта бейнесі шағылысқан кезде өте әдемі. Көл өзі аттас шатқалда теңіз деңгейінен 2511 шақырым жоғары орналасқан, оның тереңдігі 40 метрге жетеді ал, ені 1 метр.

Жазда су температурасы Цельсий бойынша 10–12 градусты құрайды. Көл жағасынан таудың керемет көрінісі ашылады. Көлдің арғы оңтүстік жағында Советтер шыңы мен Озерный асуы, ал батысында Үлкен Алматы шыңының тасты сілемдері көрінеді. Көл ежелгі мұздықтың төмен сырғып түсуінен пайда болған, нәтижесінде шұңқыр пайда болып, ол еріген сумен толыққан.

Айғай құм
Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» – танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жері үлкен болғаны сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.

Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтқан аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені. Айғай құм Алматыдан 3 сағаттық жерде.

Дереккөз: Алаш айнасы

@. @assel_assanova