16 қыркүйек, жексенбі күні Алматы күніне орайластырылған барлық мерекелік іс-шаралар мәресіне жетті. Қала күніне арналған мерекелік шаралардың қорытынды кеші Орталық алаңда өтті. «Alma Dance» деп аталған эстрадалық концерт Алматы халқын көп күттіргені рас. Сағат 19.00-ге жоспарланған концерт 20.00-ден аса басталды. Халық көп жиналған алаңда ине шаншар орын болмады. Кешті Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ашты. Сахна төріне эстраданың жарық жұлдыздары мен жас әншілер шығып алматылықтар мен қала қонақтарын әсем әнмен сусындатты. «Рин Го», «КешьЮ», «Buhar Jerreau», «Chick Flick», «Индиго», «Асыл» топтары мен Әлішер Кәрімов, Луина және Нұржан Керменбаев және т.б өнер жұлдыздары Алматы сахнасының сәнін ашты. Алматының туған күнін ескергендей, ауа-райы да "мінезін көрсеткен" жоқ.
Ашық аспан астында жиналған көпшілік биылғы қала күніне арналған барлық іс-шараға көңілдерінің толғанын білдіріп, бірін-бірі құттықтасып жатты.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: ru.wikipedia.org