- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматы көшелеріне 15...
Алматы көшелеріне 15 арт нысан орналастырылады
Кеше Алматыда «Атакент» көрме орталығының кіре-беріс алаңында британдық суретші Алекс Ринслердің жобасы бойынша жасалған биіктігі 13 метрді құрайтын тиін пішіндес әлемдегі ең үлкен қоғамдық арт-құрылымның ашылуы өткені белгілі. Аталмыш нысан – «Алматы – Жылы қала» (ART ENERGY Almaty жобасына кіреді) бастамасының жұмысы, Алматы қаласының әкімдігі қолдаған FUNK креативті агенттігімен жүзеге асырылып отыр. Жалпы алғанда жоба аясында қаланың көшелерінде 15 бірегей арт-құрылым салынады. Олардың ішіне түрлі мүсіндер, инсталляциялар, арт-орындықтар, ашық даладағы кинотеатр, мобильді кітапхана және тағы да басқалар кіреді.
Алматыда салынатын арт-құрылымдар екі кезеңнің нәтижесінде таңдап алынды. Осы жылдың қаңтар айында FUNK агенттігі архитекторлар, суретшілер және урбанисттердің тапсырыстарының арасынан 11 тұжырымдаманы алды. Кейін наурыз айында ашық конкурс өткізілді. Нәтижесінде қалалық әкімдік қалада орнатуға тура келетін төрт тұжырымдаманы таңдады. Қазылар алқасы Алекс Ринслер (қазылар алқасының төрағасы), мүсінші Эдуард Казарян, архитектор Эльдар Хасанов және FUNK агенттігінің жетекшісі,«Astana Art Fest» пен«Art Energy Almaty» фестивальдерінің ұйымдастырушысы Майра Измайлова өз жағынан бес авторға100 000 мың теңге көлеміндеынталандыратын сыйлық ретінде табыстады.
Алекс Ринслердің «Тиіні» арт-құрылымдардың арасында ең үлкені болмақ. Суретшінің өзі түсіндіргендей, тиін қала тұрғындарының өмірін бейнелейді. «Ол адамдардың қасында мекендейтін біздің ең жақын көршіміз. Ол біз сияқты әрқашанда қозғалыста жүреді, қоршаған ортаға бейімделеді, өмір сүру үшін тамақ іздейді», - деді Ринслер. Тиін мүсіні табанымен емен жаңғағын ұстап тұрады. Ол сый, болашаққа деген үмітті білдіреді. Мүсін суретші және мүсінші Мариус Янсен Ван Вуурен (Оңтүстік Африка Республикасы) және Алекс Ринслердің жетекшілігімен экологиялық материалдар сабан, ағаш пен ашық шайырдан Алматыда жасалынды.
«Алматы – жылы қала» бастамасының басқа 15 арт-құрылымдарын орналастыру осы мезгілде жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық өнер қайраткерлерімен дайындалған жұмыстар. Олар қалада эстетикалық және де пайдалы міндетті атқаратын болады.
«Алматы біздің көз алдымызда өзгеруде. Қала тұрғындары үшін шырайлы әрі жақын болып келе жатыр. Веложолдар жасалынды, жаяу жүруге арналған көшелер пайда болды, демалуға болатын орындар көбейді. Оның барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын ғана жақсартып қоймай, кіші және орта бизнестің дамуына да өз әсерін тигізіп жатыр. Бұған «Алматы – Жылы қала» бастамасы жақсы келіп тұр. Қалада орнатуға ұсынылып отырған арт-құрылымдар жақсы эмоционалды күш береді. Бұл жоба белсенді қоғам өкілдері, урбанисттер және суретшілермен бірге жасалып, жетілдіріліп жүзеге асырылғаны әсіресе қуантады», - деп білдірді Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасының жетекшісінің орынбасары Найля Мулюкова.
Бастама авторларының айтуынша, «Алматы – Жылы қала» бір рет қана өткізілетін акция болып қалмайды. «Қалалық арт-құрылымдар тек тұрғындардың көңілін көтеріп және шетелдік туристтерді қызықтыратын нәрсе емес. Олар назарды өзіне аудару арқылы қаланың түрлі орталықтарының дамуына өз әсерін тигізеді. Қазіргі заман өнері қала көшелерінде жаңа кеңістікті құрап, қала өмірін толығымен жаңарта алады. Сондықтан біз Алматының эстетикалық өзгерісін жалғастырамыз. Келешекте біз тағы да жаңа шығармашылық конкурстарды өткізуді жоспарлап отырмыз. Арт-құрылымдар Алматының барлық аудандарының көрінісін өзгертеді деген үміттеміз. Біз, алматылықтар, қаламыз қазіргі заманға сай, тұруға ыңғайлы және әлемнің ең әсем қалалардың санына кіруге лайықты екенін білеміз», - деді FUNK креативті агенттігінің директоры Майра Измайлова.
А. Оралқызы