Бүгін, қыстың алғашқы күні Алматы қалың қар астында қалды. Синоптиктер бүгін қар жауады деп болжағанымен, дәл осындай көлемдегі қарды ешкім күтпегені анық. Қар бүгін түнде жауып бастап, әлі күнге дейін толастар емес. Алматы көшелерінде қар тазалау көліктері үздіксіз жұмыс жасап жатыр.
Қалалық әкімдік баспасөзі хабарлағандай, тұңғыш Президент күніне арналған, бүгін өтуге тиіс Медеудегі мерекелік шаралар да уақытша тоқтатылды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қалада қар түнге қарай тоқтайды. 2 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 8 градус нөлден төмен болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: idrive.kz