Алматыны қоршай тұрған тауларда үлкен тауар белгісі салынады. Жарық шағылыстырушы арқасында бұл логотип ғарыштан көрінетін болады. Сондықтан да, қала тауларында салынатын сурет – Гиннес рекордтар кітабына енбек.
Мұндай жобаны Алматы қаласында өткен Халықаралық дизайн апталығының қатысушысы ұсынды, деп жазады «Экспересс-К» газеті.
Жас дизайнер Данил Лесютин Алматы қаласын жарық шағылыстырушы құралдар арқылы жап-жарық еткісі келеді екен. Оның сөзіне сенсек, жақында Италияда құрамы жарықты шағылыстыратын материал жасалған.
Ал Алматының сұлулығына жаңашылдық енгізуді Германиядан келген Сергей Дот пен алматылық Дина Нұрпейісовалар қолға алыпты. Олар үлкен кеңістікке жылқының суреті салынған қақпа жасаған. Аттардың фигурасында арнайы сәуле шағылыстыру үшін қойылған кесінділерді қойған. Кемпірқосақ түстері аттардың кескінінен шағылысып, әдемі көрініс береді.
Тағы бір жаңашылдық – қазақтың үлкен ақындарының өлеңдерін жаяу жүргінші жолына жазып қою екен. Ал тағы бір қатысушылар фарфор құмыраларынан жасалған үй соққысы келетінін айтқан.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: designer.kz