Қазақстандық кәсіпкер Герман Дубинцев алып дирижабль құрастырып, Алматы-Астана бағытында ұшып өтуді ұсынды. Бұл туралы «Экспресс-К» хабарлады.
Бұл ойын кәсіпкер ағымдағы жылдың соңында жүзеге асырмақ. Дубинцев мырза дирижабльды сипаттай отырып, оның жылдамдығы темір жол пойызымен бірдей болатынын айтады. Өндірісте электр қуатын барынша үнемдеу және тиімді жолдар арқылы жүзеге асыру көзделген.
Жобаны жасау үшін қанша қаржы жаратылатыны белгісіз болып отыр.
Бұл кәсіпкер соңғы 10 жылда дирижабль жасау өндірісін жақсарту ісімен айналысып келеді. Тіпті оның соққан дирижабльдері ЭКСПО-2017-нің символына айналып қалуы да мүмкін екен. Ал білетініміздей, халықаралық көрме энергоресурстарды рационалды түрде жұмсау тақырыбында болады.
Дирижабль қолдану ісін Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Виктор Инюшин қолдап келген болатын. Ол мұндай аппаратты жер сілкінісі кезінде адам құтқару құралына айналдыруды көздеген еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: sg-kolping.de