Еліміздің кәсіби мерекесі қатарындағы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. 2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 28 қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып бекітілген болатын.
Бұл мерекені Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министірлігінің қызметкерлері мен оның аймақтық департаменттері тойлайды. Бүгінде еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінде 50 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді екен. Осы мереке қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Министрлік ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Жоғары кәсібилік, саладағы көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттілігі, әлеуметтік-еңбек саласына елеулі үлес қосқаны үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек еткен 35 ардагерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаты табысталды.
Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында Алматыда әлеуметтік қорғау жұмыстары төрт мекемемен - Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері - Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қалалық филиалымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жұмыс - тек білім мен білікті ғана емес, басқа адамның ауырсынуын түсіну және сезіну үшін өз жүрегін ашуға дайын болуды талап ететін ерекше мамандықтардың бірі. Адамдардың бұл өмірдегі міндеті – өзі секілді өзге де адамдарға жәрдемдесу. Осындай еңбек саласында жұмыс жасайтын адам үшін ең жақсы тілек –көмекке лайық адамдардың алғыс білдіруі.
Естеріңізге сала кеетйік, Еңбек күні мерекесін қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өту 2013 жылдың 22 қарашасында Елбасы Жарлығымен бекітілді. Мереке мақсаты - Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясының аясында өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау мен еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.