- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Әлемді айналуға шыққан...
Әлемді айналуға шыққан қазақстандық Кубаға жетті
«EXPO 2017, ASTANA» жобасына қолдау көрсету мақсатында әлемді шарлап шығуға бел буған Дмитрий Петрухин Кубаға жетті. Бұл туралы ұлттық жобаның баспасөз қызметі хабарлады.
Петрухиннің басшылығындағы экспедиция "Еркіндік" аралдарының жағасына келіп жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кубалықтар қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды. Қарапайым халық Петрухинді екінші Колумб деп те атап жүр екен.
Қазақстандағы Куба елшілігінің қолдауымен Қазақстан делегециясы экономикалық сауда министрлігінің өкілдерімен кездесті.
Экспедицияның басты мақсаты - төрешілерді ЕХРО 2017 жәрмеңкесін Қазақстанда өткізуге ниеттендендіру. Естеріңізге салайық, Астана қаласы 2017 жылғы шараны өткізу құқығына таласып жатыр. Ал Куба сол төрелік ететін елдердің қатарына кіреді. Дауыс беру нәтижесі 2012 жылдың қараша айында белгілі болады.
"Дмитрий Петрухин бізге Қазақстанның жәрмеңке аясындағы жоспарлары туралы айтып берді. Сіздердің "Болашақтың энергиясы" тақырыбын таңдағандарыңыз бізді қуантады. Себебі бұл мәселе бізді де қатты толғандырады. Біздің ойымызша, адамзат қалпына келетін энергияларды пайдалануға көше беруі тиіс. Біз екі елдің достығының нышаны ретінде Қазақстанға міндетті түрде қолдау көрсетеміз", - деді Кубаның сыртқы экономикалық сауда Министрлігінің офицері Марио Агилера.
Петрухин бұдан соң Агилераның иығына шапан жауып, естелік ретінде ұлттық бұйымдар табыс етті. Кездесу ЕХРО 2017 жалауына, сонымен қатар арнайы дайындалған кітапшаға қолтаңба қалдырумен аяқталды.
Әрі қарай Қазақстан делегациясы Кубаның сыртқы істер министрілігінің, сауда палатасының және басқа да билік өкілдерімен кездесіп, сұхбат құрды.
Дайындаған. Еркебұлан Қайрахан
сурет: bnews.kz