Қазгидромет 25, 26 және 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар, жел және батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын болады.
"Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 27 қаңтарға қарай күндізгі ауа температурасы көтеріледі: батыс өңірлерде 0 градусқа дейін, солтүстік, орталық өңірлерде 7 градусқа дейін аяз, елдің шығысында 7 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 10 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.