- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алдағы үш күнде...
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, осы аралықта антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек 16 қазанда солтүстік-батыс циклонынан күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
"Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі, шаңды дауыл сақталады. Ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 15-23 градус жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 7-15 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 12-21 градус жылы", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Елордада 14 қазанда түнде +3, күндіз +12 градус болады. Күн ашық. Жұмада да дәл осындай ауа райы сақталады. 16 қазанда күн алабұлтты, түнде 0, күндіз +8 градус.
Алматы қаласында бейсенбіде түнде +4, күндіз +13 градус жылы. Жұма мен сенбіде де +15 градус шамасында, күн ашық.
Шымкентте 14, 15, 16 қазанда күн ашық, сынап бағанасы +21 градусқа дейін көтеріледі.
Т. Раушанұлы