Синоптиктер 2018 жылдың 28-30 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Атмосфералық фронттармен жоғарғы циклон Қазақстанда орналасады. Олар алдағы 3 тәулікте республиканың көптеген облыстарында күн күркіреп, жаңбыр шақырады. Климаттық нормадан 2-3градус төмен күзгі салқын ауа температурасы солтүстік және орталық облыстарда сақталады, ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста суық атмофералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді және нормадан 1-3градус төмен болады, - делінген хабарламада. Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батысында жердегі қабаттың антициклон және оңтүстік-батыста Кіші Азия аймағынан ыстық ауа әкелетін тропосфералық ағындарының әсерінен, ыстық және жауын-шашынсыз максималды температура плюс 28-35градус, кей жерлерде ауа температурасы 40 градус болады. tengrinews.kz