Синоптиктер алдағы күндердің ауа-райы күрт өзгеретінін хабарлады. Күн суытып, жаңбыр жауады. Қазгидромет РМК болжамына сай, демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа-райы күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райынан кейін жаңбыр жауып, кей жерлерде күшті екпінді жел соғады. Найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы төмендегенімен климаттық норма шегінде болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде 2 градусқа дейін суытады.