Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: sputniknews.kz

Синоптиктер 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің бірінші айы жаңбыр және қармен аяқталады.

"Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты, елімізде жаңбыр мен қар жиі жауатын тұрақсыз ауа райы сақталады. Алдағы 3 тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ күтіледі",– деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болатыны айтылады.

tengrinews.kz

Н. Үсенова