Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, боран, желдің екпіні секундына 15-20метр күшейеді, тұман түседі, - делінген хабарламада. Сонымен қатар мамандардың айтуынша, 22 ақпаннан бастап Скандинавия түбегі аумағындағы антициклонмен байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.