- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Qamshy.kz
Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, боран, желдің екпіні секундына 15-20 метр күшейеді, тұман түседі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар мамандардың айтуынша, 22 ақпаннан бастап Скандинавия түбегі аумағындағы антициклонмен байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.