Синоптиктер 2018 жылғы 19-21 мамыр демалыс күндер ауа райы қандай болатынын айтты. Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпалын тигізеді. Осыған байланысты жылы және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. - Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан циклон ауысып, +30+35 градусқа дейін температураның жоғарылауын тудырады.Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында сенбі және жексенбі күндері түнде суық сақталады. Алайда жексенбіде күндіз +25+30 градусқа дейін температураның күрт көтерілуі күтіледі, - делінген хабарламада. tengrinews.kz