Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: KobietaMag.pl

Синоптиктер 2018 жылғы 19-21 мамыр демалыс күндер ауа райы қандай болатынын айтты.

Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпалын тигізеді. Осыған байланысты жылы және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

- Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан циклон ауысып, +30…+35 градусқа дейін температураның жоғарылауын тудырады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында сенбі және жексенбі күндері түнде суық сақталады. Алайда жексенбіде күндіз +25+30 градусқа дейін температураның күрт көтерілуі күтіледі, - делінген хабарламада.

tengrinews.kz

Н. Үсенова