Ақтауға жылдағы дәстүрмен аққулар ұшып келді

Ақтауға жылдағы дәстүрмен аққулар ұшып келді

Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауына жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да аққулар тобы ұшып келді.

Аққулардың қыс мезгілін жылда Каспий жағалауында өткізетін әдеті бар. Мамандардың айтуынша, жылда теңізге келетін құстардың тек бір-ақ тобы екен. Сондықтан олар адамдарды еш жатырқамайды. Тіпті арнайы келген қызықтаушылар оларды қолдан тамақтандырады. Жылда қала тұрғындары да олардың келуін асыға күтеді.

Қала тұрғыны Айғаныш Әминова: "Мен аққуларды тамашалауға жыл сайын немереммен келемін. Оларға көбіне наннан жасалған өнімдерді береміз".

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gum-bilim.idhost.kz, 

Б. Қосмағамбет