Ақтауда 4-қабаттан секірген бала тірі қалды

Ақтауда 4-қабаттан секірген бала тірі қалды

Ақтауда 4-қабаттан құлаған бала тірі қалды. Өртеніп жатқан үйден секірген баланы жергілікті арнайы жасақ әскерилері қағып алған.

Қуанышқа орай, баланың денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

"Күндіз жас баланың айқайлаған даусын естідік. Жақындап келгенде 4-қабаттағы үйдің өртеніп, баланың үйден шыға алмай жатқанын көрдік. 4-қабатқа өрмелеу қауіпті болды. Сондықтан көршілерден көрпе лақтыруын сұрап, оны екі жақтан тартып ұстап тұрып, сәбиге секір дедік. Ол секірді, қағып алдық. Содан соң үйде оның қарындасы қалғанын білдік", - деді Маңғыстау облысының ІІД-нің "Арлан" арнайы жасағының қызметкері Владимир Качаненко.

Үйде қалған 5 жасар қызды көп ұзамай жеткен өрт сөндіру қызметінің мамандары құтқарып алды.

"Қонақ күту бөлмесінен тұншықтырғыш газбен уланып, ес-түссіз жатқан қызды көрдік. Ол сыртқа шығарылып, кейін медициналық көмек көрсетілді", - деді Ақтау қаласының өрт сөндіру бөлімінің капитаны Геннадий Странцев.

Ерлік көрсеткен "Арланның" сарбаздары Асхат Иманов пен Владимир Качаненкоға жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы алғыс жариялады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dailynews.kz

Massaget