- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Ақтау тұрғыны сүйіктісіне...
Ақтау тұрғыны сүйіктісіне ұсынысын ерекше жолмен жасады
Ақтау тұрғыны сүйіктісіне ұсынысын ерекше жолмен жасады, - деп хабарлайды "Лада". Сүйіктісі Анарға үйлену туралы ұсыныс жасау үшін Дастан есімді жігіт достарының көмегіне жүгініпті.
Ер жігіт қызы супермаркетке келгенінде ұсыныс жасауды ұйғарыпты. Бір қызығы болашақ күйеу жігітке қыздың анасы көмектескен. "Мен бұл күні үйде болғым келген. Бірақ анам дүкенге баруымды өтінді. Ал ол жақта сондай тосынсыйдың күтіп тұрғанын білмеппін. Анам екеуміз "Ақтау" сауда орталығында жүргенбіз, бір уақытта қолдарында шарлары бар үш қыз келді. Ештеңе түсінбедім. Анам "Шарларды ал да бара бер" деді. Ал мен қайда бару керек екенін білмей, тұрып қалдым. Алаңдадым. Содан кейін Дастан микрофонмен төменге түсуімді сұрады", - дейді Анар.
Ер жігіт өз сезімін мұз алаңында жүрек тәрізді гүлдердің ортасында тұрып, микрофонмен айтып береді. "Мен Анарды таңғалдырғым келді, қуантқым келді, бұл күнді өмір бойы ұмытпастай еткім келді. Меніңше, қарым-қатынас таңғалдыратын оқиғаларға толы болуы керек. Сүйіктілер бір-бірін әрқашан қуантып, таңғалдыруы керек. Менің қалыңдығым мені жиі таңғалдырады. Сол бастан ол маған ерекше болып көрінді", - деді Дастан.
Ер жігіттің ұсынысын сүйіктісі ойланбастан қабыл алды, бұл кезде сауда орталығының қонақтары оларға қошемет көрсетіп, шапалақ ұрды. Жұп үйлену тойының күнін белгілеп те қойыпты - 17 желтоқсан.